Абай облысында із-түссіз жоғалып кеткен зейнеткер бір аптадан бері табылмай жатыр

0
135

​25 шілде күні орманға қарай кеткен ер адамнан әлі хабар жоқ.


Абай облысында із-түссіз жоғалып кеткен зейнеткер бір аптадан бері табылмай жатыр

Фото: t.me/dp_abai

ERNUR.KZ. Абай облысында 56 жастағы ер адам 25 шілде күні орманға қарай шығып кетіп, үйіне әлі оралмаған. Оның әйелі полицияға арызданып, көмек сұраған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, арыз түсе сала құтқарушылар мен полиция бірден іздеу жариялаған.

«Полиция ауқымды іздеу штабын іске қосты. Оған учаскелік инспекторлар, кинологтар мен Ұлттық Ұланның сарбаздары тартылды. Зейнеткерді іздеуге бас-аяғы 120 адам күш салып жатыр», - деп хабарлайды Абай облысының полиция департаменті.

Адам аяғы көп тимейтін жерлерді қарау үшін полиция дрон мен иттерді тартып жатыр.