Абай облысында 4 балдық жер сілкінісі болды

0
94

​Зілзаланың ошағы қайда орналасқаны анықталды.


Абай облысында 4 балдық жер сілкінісі болды

Фото: google.maps/скрин

ERNUR.KZ. Сейсмологтар Абай облысында 4 балдық жер сілкінісін тіркеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 23 маусымда, Астана уақытымен 01:23-те жер сілкінісін тіркеді.

Зілзаланың ошағы Алматы қаласынан 568 шақырым солтүстік-шығыс бағытта, Қазақстан аумағында орналасқан.

Ал Ұлттық ядролық орталықтың Геофизикалық зерттеулер институты жанындағы Қазақстандық ұлттық деректер орталығының мәліметіне сәйкес, жерасты дүмпуі Абай облысындағы Үржар қаласынан солтүстік-батысқа қарай 30 шақырым жерде болған.

  • Жер сілкінісінің магнитудасы – 4,0;
  • Энергетикалық класы – 9,7.

Бұл оқиға бойынша зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат әзірге жарияланған жоқ.