Халықаралық Universe Beauty сұлулық байқауының финалы 2026 жылы өтеді және оған 50-ден астам елдің өкілдері қатысады.
Фото: Іnstagram.com/ladyzaure
ERNUR.KZ. Ұлыбританияда тұратын қазақстандық Зәуре Мұхамадиева Mrs Elite Universe Beauty UK 2025/26 атағына ие. Енді ол халықаралық Universe Beauty сұлулық байқауында Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігін таныстырады, деп жазады stan.kz.
Әлеуметтік желідегі жазбасында Зәуре Мұхамадиева бұл тәжді күштің, төзімділіктің және өз-өзіне сенімнің нышаны деп түсінетінін жазды.
“Мен үшін бұл тәж — өзіне деген сенімін жоғалтпаған әйелдің күші мен төзімділігінің, рухани жолының белгісі. Мен бұл тәжбен бойымдв тік ұстап, Ұлыбританияны таныстырамын және өзімнің түбім қазақ екеніне мақтанамын”, — деп жазды ол.
Қазақстандық әйелдің айтуынша, сұлулық пен нәзікті тек сырт келбетпен өлшенбейді. Ол жан сұлулығымен ұштасу керек. Адамарды шабыттандырып, оларға көмектесіп, мейірімділік, адалдық және жанашырлық қағидаттарымен өмір сүру керек.
Зәуре Мұхамадиева Қазақстанда дүниеге келген, үш жоғары білімі мен магистр дәрежесі бар. Ол мұнай-газ саласында 20 жылдан астам қызмет еткен, бір қызы бар. Бірнеше жыл бұрын Ұлыбританияға қоныс аударды.
“Көші-қон мәселелерін шешіп, қиындықтарынан өтіп, жаңа мәдениетке бейімделіп, мұнда тұлға әрі кәсіби маман ретінде өсіп келемін. Мен Ұлыбританияны әлемдік деңгейде таныстырған алғашқы қазақ әйелі болғаным үшін мақтанамын. Менің тамырым – менің күшім, тарихым әрі жүрегім. Біз өзіміздің кім екенімізді және қайдан келгенімізді ұмытпауымыз керек”, – дейді отандасымыз.
Зәуре өз платформасын әлемнің түкпір-түкпіріндегі әйелдерді өзіне сенуге және жаңа өмір бастауға қорықпауға шабыттандыру үшін пайдаланбақ.
“Өсуге, жарқырауға және өзіңе сенуге ешқашан кеш емес. Жас — бұл тек сан, ол біздің санамызда”, — деді ол.
Халықаралық Universe Beauty сұлулық байқауының финалы 2026 жылы өтеді және оған 50-ден астам елдің өкілдері қатысады.


