4,5 сағаттан артық үзіліссіз көлік басқарған жүргізушілерге айыппұл салынады

0
118

Төрт жарым сағат бойы үздіксіз басқарғаннан кейін, жүргізуші кемінде 45 минут үзіліс жасауға тиіс.


4,5 сағаттан артық үзіліссіз көлік басқарған жүргізушілерге айыппұл салынады

фото: Акимат Астаны

ERNUR.KZ. Көлік министрлігі автобустар мен жүк көліктері жүргізушілерінің еңбек және демалыс режимін сақтауын қадағалауға бағытталған ауқымды акцияны іске қосты, деп жазады sputnik.kz.
Жүргізушілердің еңбек және демалыс режимінің сақталуын бақылауға бағытталған "Тахограф" акциясы 2025 жылдың 20 маусымынан 20 шілде аралығында өтеді.
Тахографтармен жабдықтауға автобустар, жүк көліктері, оның ішінде:
қауіпті жүктерді автомобильмен тасымалдауды;
жолаушыларды, багажды және жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды;
жолаушыларды және багажды автомобильмен облысаралық, қалааралық тұрақты тасымалдауды;
жолаушыларды және багажды автомобильмен облысаралық, қалааралық, ауданаралық тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын көліктер жатады.
"Көлікті басқарудың күнделікті ұзақтығы қолданыстағы қағидаға сәйкес 9 сағаттан аспау керек. Төрт жарым сағат бойы үздіксіз басқарғаннан кейін, жүргізуші кемінде 45 минут үзіліс жасауға тиіс", - деп жазылған хабарламада.
Қағида талаптары сақталмаған жағдайда тасымалдаушыларға 5 АЕК-тен 50 АЕК аралығында, жүргізушілерге 10 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл көзделген.