Мемлекетке келтірілген жалпы залал 152 миллион теңге болған.
Фото:depositphotos.com
ERNUR.KZ. Көкшетауда агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне берілетін мемлекеттік субсидияларды жымқыру ісі бойынша үкім шығарылды, деп жазады tengrinews.kz.
Тергеуді ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті жүргізген.
ҚМА мәліметінше, екі жыл бойы "МолПродЖаркаин" ӘКК директоры және "Рассвет" шаруа қожалығының басшысы сүт және оны терең өңдеу өнімдерінің өндірісін арзандатуға арналған субсидияларды заңсыз алған.
"Рассвет" шаруа қожалығында мәлімделген көлемде сүт өндіруге жеткілікті мал басы болмаған. Соған қарамастан электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінде "МолПродЖаркаин" ӘКК-не 3 миллион келіден астам шикі сүт жеткізілгені туралы жалған құжаттар рәсімделген.
Осы құжаттар негізінде сүтті сары май мен қатты ірімшікке өңдеу туралы есептер жасалып, уәкілетті орган өтінімдерді мақұлдағаннан кейін қаражат кәсіпорынның есепшотына аударылған", - делінген хабарламада.
Мемлекетке келтірілген жалпы залал 152 миллион теңге болған.
"Бұдан бөлек, алынған субсидиялардың бір бөлігі жасыру мақсатында Ефимкинаның туысының депозиттік шотына аударылған. Кейін бұл қаражатқа жалға беріліп, табыс табу үшін пайдаланылған мобильді ғимарат сатып алынған. Тергеу барысында 6 жер учаскесіне, 4 пәтерге, 11 автокөлікке, мобильді ғимаратқа және өндірістік нысанға тыйым салынды".
Сот үкімі бойынша, екі басшы 6 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айырылған. Мобильді ғимарат мемлекет кірісіне тәркіленді. Қалған мүлікке салынған тыйым азаматтық талап толық орындалғанға дейін сақталады.
Үкім заңды күшіне енді.


