250 мың доллар: Қазақстан Олимпиада жүлдегерлеріне ең көп сыйақы төлейтін елдер қатарына енді

0
305

Forbes жариялаған рейтингке сәйкес, ең жоғары сыйақы белгілеген елдердің алғашқы бестігіне Польша, Италия және Қазақстан енген.


250 мың доллар: Қазақстан Олимпиада жүлдегерлеріне ең көп сыйақы төлейтін елдер қатарына енді

Фото:Olympic.com

ERNUR.KZ. Италияда өтіп жатқан ХХV қысқы Олимпиада ойындарында жүлде алған спортшыларға берілетін ақшалай сыйақы мөлшері белгілі болды, деп жазады stan.kz.

Forbes жариялаған рейтингке сәйкес, ең жоғары сыйақы белгілеген елдердің алғашқы бестігіне Польша, Италия және Қазақстан енген.

USA Today дерегінше, Сингапур үкіметі Олимпиада чемпионы атанған спортшыға 788 мың доллар көлемінде сыйақы тағайындаған. Бұл – әлемдегі ең жоғары көрсеткіш.

Екінші орында – Гонконг. Мұнда алтын медаль иегерлеріне 767 мың доллар төленеді.

Үшінші орында – Польша (355 мың доллар, 60 спортшы), ал төртінші орында – Қазақстан 255 мың доллар, 36 спортшы.

Бестікті Италия түйіндейді – жеңімпаздарына 233 мың долларға дейін сыйақы төлемек.

Бір қызығы, қысқы Олимпиадада көптеген спорт түрлері бойынша көш бастап жүрген елдер жоғары сыйақы қарастырмаған.

Мысалы, Канадада (әсіресе шайбалы хоккейде фаворит саналады) алтын алған спортшыларға бар болғаны 15 мың доллар беріледі. АҚШ-та – 37,5 мың доллар, Германия мен Нидерландыда – 35 мың доллар, Норвегияда – 17 мың доллар, Данияда – 16 мың доллар.

Ең төмен сыйақы мөлшері Жаңа Зеландияда – 3 мың доллар, Аргентинада – 8 мың доллар, Австралияда – 13 мың доллар.

Қазақстанда Олимпиада чемпионына 250 мың доллар көлемінде сыйақы қарастырылған. Бұл Мәдениет және спорт министрлігінің тиісті бұйрығында көрсетілген.

Сарапшылардың айтуынша, мұндай қаржылық қолдау спортшыларды ынталандырып, жоғары нәтижеге жетуге қосымша мотивация береді.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында Қысқы Олимпиада–2026 ойындары өтіп жатыр. Жалпы медаль саны бойынша Норвегия құрамасы көш бастап келеді. Олар барлығы 12 жүлде жеңіп алды, оның алтауы – алтын.

Қазақстан атынан 10 спорт түрі бойынша 36 спортшы бақ сынауда. Әзірге ел қоржынына жүлде түскен жоқ.