Өзгеріс 2027 жылдан бастап енгізіледі, ал қосымша ақпарат күзде беріледі.
фото: Пресс-служба Министерства науки и высшего образования РК
ERNUR.KZ. Қазақстанда 2027 жылы жоғары оқу орындарына түсуге арналған сынақ тестері өзгеріссіз қалады. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек хабарлады, деп жазады sputnik.kz.
Ол дайындалып жатқан өзгерістер ҰБТ-ның негізгі бөлігіне қатысты екенін айтты.
"Қазір бізде талапкерлер сынақ тестін екі рет тапсырады, бұл оларға өз мүмкіндігін бағалауға, әлсіз және күшті тұстарын көруге мүмкіндік береді. Осыдан кейін олар негізгі тесті тапсырады. Сондықтан сынақ тесті сол күйі қалады. Талапкерлеріміз алаңдамасын", - деді министр.
Ақылы негізде оқуға түсуге мүмкіндік беретін сынақ тестері сол күйі қалады, ал грантқа түсу үшін есепке алынатын ҰБТ-ны бір рет тапсыру қажет болады. Оның айтуынша, өзгерістер 2027 жылдан бастап енгізіледі, ал қосымша мәліметтер күзде жарияланады.
Сонымен қатар, балама ретінде жаңа тест тапсыру мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Министрдің айтуынша, бұл тест алдағы 5 жыл ішінде ҰБТ-ны біртіндеп алмастыруы мүмкін.


