2026 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасылар мен наградталған аналар 56,5 млрд теңгеден астам сомасына жәрдемақы алды

0
116

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 10%-ға артқанын атап өтеміз.


2026 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасылар мен наградталған аналар 56,5 млрд теңгеден астам сомасына жәрдемақы алды

ERNUR.KZ. 2026 жылғы қаңтар айында көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылармен 875,2 мың отбасы жалпы сомасы 56,5 млрд теңге мөлшерінде, оның ішінде: көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақымен – 627,4 мың отбасы 49,2 млрд теңгеге; наградталған анаға берілетін жәрдемақымен – 247,8 мың адам 7,3 млрд теңгеге қамтылды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Көпбалалы отбасыға берілетін мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Көпбалалы отбасыларға төленетін жәрдемақы мөлшері балалар санына байланысты сараланады және 2026 жылы мынадай көлемде белгіленген:

- 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 69 330 теңге;

- 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 86 673 теңге;

- 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 104 017 теңге;

- 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 121 360 теңге;

- 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе
17 300 теңге.

Наградталған анаға берілетін жәрдемақы «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға тағайындалады.

Аталмыш жәрдемақы ай сайын келесі мөлшерде төленеді:

  • «Күміс алқа» алқасымен наградталған аналарға – 6,40 АЕК немесе
    27 680 теңге;
  • «Алтын алқа» алқасымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға – 7,40 АЕК немесе 32 005 теңге.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 10%-ға артқанын атап өтеміз.