1 сәуірден бастап Алматыда жылу бағасы көтеріледі

0
229

"Алматы жылу желілері" компаниясы жылу энергиясын беру, тарату және жабдықтау тарифін орта есеппен 6%-ға өсіреді.


1 сәуірден бастап Алматыда жылу бағасы көтеріледі

Фото: gov.kz

ERNUR.KZ. Қосымша құн салығын бірге жаңа тариф 5237,365 теңге/Гкал болады, деп жазады inbusiness.kz.

Жеке тұлғалар үшін тариф 9,8%-ға өседі (көрсетілген сомалар 16% ҚҚС-сыз берілген):

  • Үйде ортақ есептеуіш құралдары жоқ тұрғындар үшін тариф 9004,01 теңгеден 9888,30 теңгеге дейін көтеріледі;
  • Ортақ есептеуіш құралдары бар үйлердегі жеке тұлғалар үшін 7364,88 теңгеден 8088,18 теңгеге дейін өседі.

Мамандардың айтуынша, бұл өзгеріс инфляция көрсеткішіне жыл соңына қарай әсер етуі мүмкін. Себебі тариф көтерілгеннен кейін көп ұзамай жылыту маусымы аяқталады.

Ал ыстық су тарифі 1 сәуірден бастап 9%-ға қымбаттайды.