Қай қорғаныш шынысы смартфонды жақсырақ «қорғайды»?

0
181


Қай қорғаныш шынысы смартфонды жақсырақ «қорғайды»?

Сурет: telemarket24.ru

Смартфон экранының қорғаныш жабындары өлшем, қалыңдық, материалының сапасы, қаттылығы және жабын ерекшеліктеріне қарай ажыратылады. Дұрыс қорғаныс жолын таңдау үшін смартфонның нақты моделін, тіпті соңғы цифрларына дейін білу қажет. Әйтпесе әйнектің өлшемі сәйкес келмеуі немесе камера мен динамикке арналған тесіктер дәл келмеуі мүмкін. Қазіргі уақытта қорғаныш жабындарының көптеген түрлері бар.

2D - ең қарапайым және арзан түрі. Экранның жалпақ бетін ғана жабады, шеттері дөңгеленген. Жиектері нашар өңделген, өйткені олар смартфон корпусының ішіне кетіп тұрады.

2.5D - шеттері жақсы өңделген, экран мен корпус арасындағы өтуі тегіс смартфондарға арналған. Экранның бүкіл бетін жабады.

3D - экранның барлық иілімдерін дәл қайталап, дисплейге тығыз жабысады. Мұндай әйнекті кездейсоқ іліп кету немесе алып тастау қиын.

Гибридті әйнек - бірнеше қабаттан тұратын пленкалық материалдан жасалады. Икемді және берік. Соққы тигенде шыны сияқты жарылып кетпейді, бірақ сызат тез түседі.

5D, 9D, 10D және т.б. - көбінесе маркетингтік айла. Көптеген өндірушілер 4D, 5D, 9D, тіпті 10D деп жазып, бағаны көтереді. Негізінде бұл – жай ғана толық жабыстыратын 3D әйнек. Айырмашылығы – әйнек бүкіл бетке толықтай жабыстырылады.


Қорғаныш жабыны дисплейдің көрінуі мен сапасына, түс беру, жарық шағылысуына айтарлықтай әсер етеді.

Жылтыр (глянец) жабын

Артықшылықтары:

  • Экранда көзге көрінбейді
  • Түстер бұрмаланбайды

Сурет анық әрі нақты көрінеді

Кемшіліктері:

  • Саусақ іздері, шаң, сызаттар көрініп тұрады
  • Күн сәулесінде немесе жарықта шағылысады

Күңгірт жабын

Күн сәулесі көп түсетін жерде қолдануға ыңғайлы.

Артықшылықтары:

  • Жарық шағылысу деңгейі төмендейді
  • Жағымды тактильді сезім

Сызаттар мен кір байқалмайды

Кемшілігі – түстерді беру сапасы төмендейді, бұлыңғыр көрінеді.

Антишпион (жасырын) әйнек

Қараңғы жабын, экран мазмұнын тек иесіне ғана көрсетеді. Басқа адамдар қиғашынан, бұрыштан қарағанда экранды көре алмайды. Жылтыр немесе күңгірт нұсқасы болады.

Қаттылық деңгейі (Моос шкаласы бойынша)

Қаттылық көрсеткіші әйнектің механикалық зақымдарға қаншалықты төзімді екенін көрсетеді. Әдетте 4H–10H аралығында бағаланады.

4H-6H – арзан әйнектер, кішігірім зақымдардан қорғайды.

9H – ең жоғары беріктік, құлау немесе соққы кезінде жақсы қорғайды.

Жиі қойылатын сұрақтар

  • Қай әйнек ең берік?

Қаттылығы H9 немесе H10 болатын әйнек ең төзімді. Өндіруші мен жабын түріне де назар аударыңыз.

  • Қай әйнек түрі жақсырақ?

Кәдімгі смартфон үшін ең жақсы нұсқа – шыңдалған шыны. Ал ультрадыбыстық саусақ ізі сканері бар модельдерге тек арнайы ойығы бар әйнек немесе гидрогель пленкасы қолайлы.

  • Гидрогель пленкасы мен шынының айырмашылығы қандай?

Гидрогель – икемді, көзге көрінбейді, өздігінен қалпына келеді. Қорғаныш әйнек – күшті соққылардан жақсы қорғайды.

  • Олеофобтық жабын деген не?

"Олеофоб" – майлы іздерден қорғаныш. Мұндай жабын экранда майлы іздер мен саусақ таңбаларын аз қалдырады. Ластанса да, жеңіл сүртіледі.

  • Gorilla Glass-пен телефонға қосымша әйнек керек пе?

Иә. Gorilla Glass шынымен берік, бірақ ол да сынуы мүмкін. Сондықтан қосымша қорғаныс ұсынылады.


Қорғаныш шыны таңдаудағы маңызды факторлар

1. Қалыңдығы

Қорғаныш әйнектердің қалыңдығы көбіне 0.2 мм-ден 0.5 мм-ге дейін болады.

  • 0.2-0.3 мм — жұқа әйнектер, сенсор сезімталдығы жоғары, бірақ механикалық зақымдарға төзімсіздеу келеді.
  • 0.4-0.5 мм — қалың әйнектер, қорғау деңгейі жоғары, бірақ кейде сенсорлық қабылдау сезімі төмендеуі мүмкін.

2. Жабыстыру технологиясы

Қорғаныш әйнектер экранға түрлі әдіспен жабыстырылады:

  • Жиектері желім негізді (тек шетпен жабысады) — орнату оңай, бірақ уақыт өте келе ауа кіріп, шеттері көтерілуі мүмкін.
  • Тұтас экранды желім негізді (толықтай жабысатын) — дисплейдің бүкіл бетіне біркелкі жабысады, ұзақ уақыт қызмет етеді.

3. Қосымша функциялары

Қазіргі қорғаныш әйнектер тек экранды қорғап қоймай, басқа да пайдалы қасиеттерге ие болуы мүмкін:

  • Антибактериалды жабын — микробтардың жиналуын азайтады.
  • Ультракүлгін қоғаныс (Blue Light Filter) — көк түсті жарықты сүзеді, көздің шаршауын азайтады.
  • Соққыға арсы қабат — арнайы қабат соққы күшін таратып, экранның жарылып кетуінен қорғайды.

Қорғаныш әйнекті дұрыс жабыстыру ережелері

Қорғаныш әйнек ұзақ әрі тиімді қызмет етуі үшін оны дұрыс орнату маңызды.

  • Бөлме тозаңсыз болу керек. Орнату алдында шаң жоқтығына көз жеткізіңіз.
  • Экранды спиртпен сүртіп, май, кір, саусақ іздерін алып тастаңыз.
  • Шаңға қарсы стикер қолданыңыз (көзге көрінбейтін шаң бөлшектерін тазалау үшін).
  • Теңестіру және дәлдік. Шыныны камера мен динамик тесіктеріне туралап қойыңыз.
  • Көпіршіктерді шығару. Арнайы карта немесе сүрткішпен ортасынан шетке қарай ауа шығарыңыз.

Дайындаған: Бауыржан ЕРМАН,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:

ЖОҒАЛҒАН телефонды ТАБУдың бірнеше жолы