Алмұртты жақсы көрмейтін болсаңыз, дәл осылай пісіріп жеңіз!
Қажетті қоспалар:
- 2 дана алмұрт
- 100 гр. грек жаңғағы
- 80 гр. бал
- 1 ас қасық лимон шырыны
- Жарты шай қасық даршын
Дайындалу тәсілі:
- Алмұрт тәттісіне грек жаңғағы қосылатындықтан, алдымен оны ұнтақтап алу керек. Ал, тұтастай жаңғақ болса оны бір шетке қоя тұрыңыз. Грек жаңғағынан басқа фундук, пекан және қарағай жаңғағын қосуға болады.
- Алмұрттарды тазалап жуып, ортасынан бөліңіз. Сосын дәндерін алып тастап, бетіне лимон шырынын себіңіз. Сонда алмұрт қараймайтын болады.
- Әрбір алмұртқа грек жаңғағының 2 данасынан қойып шығыңыз. Оның үстіне бал салып, даршын дәмдеуішін себелеп, ұнтақталған жаңғақты шашсаңыз болғаны.
- Осылайша дайындалған алмұртты 180 градусқа қыздырылған пешке салып, 25-30 минут пісіресіз.
- Осы уақыт аралығында алмұрт толықтай пісіп, жаңғақтар әдемі түске енуі керек.
- Дайын десертті жалбызбен әсемдеп, ыстықтай жей беруге болады.
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ: