Жеңіл моторлы ұшақ құлап, үш адам қаза тапты

0
104

Ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай апатқа ұшырап, жерге соғылған сәтте жанып кеткен.


Жеңіл моторлы ұшақ құлап, үш адам қаза тапты

Фото: Gettyimages.ru

ERNUR.KZ. Австралияның шығыс жағалауында, Шеллхарбор әуежайының маңында жеңіл моторлы ұшақ құлап, салдарынан үш адам қаза тапты, деп жазады BAQ.KZ.

Жаңа Оңтүстік Уэльс штаты полициясының мәліметінше, оқиға жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 10 шамасында болған. Ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай апатқа ұшырап, жерге соғылған сәтте жанып кеткен.

“Оқиға орнына құтқару қызметтері дереу жетті. Өкінішке қарай, бортта болған үш адамның бәрі қаза тапты “, – делінген полиция таратқан ресми ақпаратта.

Қазір апат болған аумақ қоршауға алынған. Тергеушілер оқиғаның нақты себептері мен техникалық жай-күйін анықтап жатыр.