Жас жұбайлар балаға бір жылдан аса ат қоя алмай, ажырасып кеткен

0
111


Жас жұбайлар балаға бір жылдан аса ат қоя алмай, ажырасып кеткен

Фото: freepik.es
ERNUR.KZ. Қытайдың Шанхай қаласында жас жұбайлар бір жылдан астам уақыт бойы нәрестеге ат қоюға келісе алмай, ақыры ажырасқан, деп жазады Stan.kz.


Ерлі-зайыптылар 2023 жылы үйленген, арада бір жыл өткен соң олардың дені сау сәбиі дүниеге келген. Алайда содан кейін отбасында жанжал басталып, әрқайсысы нәрестеге өз таңдаған есімін қоюды талап еткен. Екі жақ келіспеген соң балаға бір жылдан астам уақыт бойы туу туралы куәлік берілмей, вакцинация да жүргізілмеген.

Сот барысында ерлі-зайыптылардың екеуі де жасырын түрде баласына ат қойып, туу туралы куәлікті алмақ болғаны анықталды. Бірақ заң бойынша мұндай шешім екі ата-ананың да келісімімен ғана рәсімделуге тиіс.

Осылайша, сот баланың куәлігін ажырасу рәсімі толық аяқталғанға дейін жергілікті билікте сақтап, кейін оны анасына тапсыруға шешім қабылдады.

Сондай-ақ судья тараптарға баланың құқығын шектегені үшін жауапкершілік жүктелетінін ескертті. Ол ата-ананың жеке дауларында баланы құрал ретінде пайдалануға болмайтынын атап өтті.

Бұл оқиға Қытайдағы әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті. Көптеген қолданушы мұндай адамдарға мүлдем бала сүймеу керек деген пікір білдірді.