​Жапонияда жер сілкінісінен кейін бес кит жағаға шығып қалды

0
135

Жапондық БАҚ-тың жазуынша, жергілікті тұрғындар тірі қалған жануарларға су шашып, оларды құтқаруға тырысқан.


​Жапонияда жер сілкінісінен кейін бес кит жағаға шығып қалды

Фото: The Telegraph / Х

ERNUR.KZ. Жапонияның Татеяма қаласында бес кит теңіз жағалауына шығып қалды, деп жазады inform.kz.

Жапондық БАҚ-тың жазуынша, жергілікті тұрғындар тірі қалған жануарларға су шашып, оларды құтқаруға тырысқан.

Мамандардың түсіндіруінше, ашық теңіздегі цунамиден киттерге қауіп төнбейді. Алайда толқындар жағалауға жақындаған кезде су күрт шегініп, таяз суда өмір сүретін киттерді уақытша жағаға шығарып тастауы мүмкін.
Euronews мәліметінше, киттердің жағаға шығуы Камчатка маңындағы жер сілкінісінің тікелей салдары екені әзірге нақты анықталмаған. Бұл ауданда күшті цунами болмаған. Кейбір дереккөздер киттердің жағалауға шығуын бұған дейінгі тайфунмен байланыстыруы мүмкін екенін айтады.
АҚШ Геологиялық қызметінің дерегінше, 30 шілдеде Камчатка түбегінде магнитудасы 8,8 болатын жер сілкінісі тіркелген. Жерасты дүмпуінің ошағы шамамен 19 шақырым тереңдікте орналасқан.
Еске сала кетейік, осы зілзаладан кейін бірқатар елде цунамиге байланысты ескерту жарияланған болатын. Жапонияда биіктігі 50 сантиметрге жететін цунами толқыны тіркелді.