Тікұшақты іздеу-құтқару жұмыстары басталды.
Фото: Getty Images / joel-t
ERNUR.KZ. Жапонияның Кумамото префектурасында бортында үш адам болған туристік тікұшақ жоғалып кетті, деп жазады inbusiness.kz.
Yomiuri Shimbun газетінің хабарлауынша, Жапонияның Жер, инфрақұрылым, көлік және туризм министрлігінде туристік тікұшақ Кумамото префектурасындағы Асо жанартауы ауданында ұшады деп жоспарланғанын мәлімдеген.
Ведомство мәліметінше, тікұшақ бортында ұшқыш және Тайваньнан келген екі жолаушы болған.
Ұшу барысында тікұшақ апаттық дабыл бергені, алайда белгіленген уақытта базаға оралмағаны атап өтіледі. Осыған байланысты аталған ауданда іздеу-құтқару жұмыстары басталған.
Министрлікте оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша тергеу жалғасып жатқанын қосты.


