Жапонияда қатты жер сілкінісі болды

0
96

7,6 баллдық жер асты дүмпулері Хонсю аралының солтүстігінен шығысқа қарай 80 шақырымда тіркелді.


Жапонияда қатты жер сілкінісі болды

Сурет: pxhere

ERNUR.KZ. 8 желтоқсанда Жапонияның солтүстігінде биылғы ең күшті жер сілкінісі болды. Билік бірден цунами қаупі барын ескертіп, дабыл қақты, деп жазады zakon.kz.

NHK телеарнасы хабарлағандай, 7,6 баллдық жер асты дүмпулері Хонсю аралының солтүстігінен шығысқа қарай 80 шақырымда тіркелді. Ең айқын жер сілкінісін Аомори префектурасының тұрғындары сезінді. Қирандылар мен зардап шеккендер туралы әлі ақпарат жарияланбады.

Елдің метеорологиялық басқармасы шығыс және солтүстік-шығыс жағалауларда биіктігі шамамен 3 метр болатын толқындардың жақындап келе жатқанын ескертті. Аомори, Иватэ және Хоккайдо префектуралары ең қауіпті аймаққа жатады. Билік халықты жағалаудағы аудандардан дереу кетуге және аймақтағы биік төбелерге көтерілуге шақырды.

Бұл жер сілкінісі Жапонияда 2025 жылғы ең күштісі болды. Алдыңғы рекорд 9 қарашада Иватэ префектурасының жағалауында тіркелді, ол кезде магнитуда 6,8 болды және цунами байқалды. Ол кезде құрбандар болған жоқ.