​Жапонияда ер адам мектеп оқушыларын қасақана қағып кетті

0
220

Күдіктінің айтуынша, ол «өмірінде көп нәрсеге әбден тойғандықтан» бір топ баланы қасақана қаққан.


​Жапонияда ер адам мектеп оқушыларын қасақана қағып кетті

Фото: NHK World-Japan телеарнасы

ERNUR.KZ. Жапонияда полиция мектеп оқушыларын өлтіруге әрекет қылған ер адамды ұстады, деп жазады inform.kz.

Бейсенбі күні Осакада жеті бастауыш сынып оқушысын 13:30 шамасында үйге қайтып келе жатқан жерінен көлік қағып кетті.

Балалар дереу ауруханаға жеткізілді. Олардың есін білетіні хабарланды.
Полицияның хабарлауынша, 28 жастағы күдікті, Хигашимураяма қаласының тұрғыны Юки Ядзава өз кінәсін мойындады.
Күдіктінің айтуынша, ол «өмірінде көп нәрсеге әбден тойғандықтан» бір топ баланы қасақана қаққан.
Бұған дейін Ванкуверде фестивальге келушілерді көлік қағып, бірнеше адам қаза тауып, бірнеше адам жараланған.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы-Бішкек тас жолында жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті.