Жапонияда бір отбасыны тасқын су шайып кетті (ВИДЕО)

0
112

​ 3 миллионға жуық адам эвакуацияланған.


Жапонияда бір отбасыны тасқын су шайып кетті (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Аймақта бірнеше сағат ішінде 37 мм жауын жауып, көп тұрғын үйлерді су басты. Су тасқыны жолдардағы көліктерді ағызып әкетіп, топырақ жолдарға зақым келтірді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Жергілікті биліктің дерегінше, эвакуация шамамен 3 миллион адам тұратын аудандарды қамтып отыр. Ең қауіпті аймақтарда 380 мыңнан астам тұрғын бар. Құтқарушылар адамдарды, соның ішінде өз бетімен үйінен шыға алмаған қарттарды да қауіпсіз жерге шығарып жатыр.

Жапония үкіметі апаттан ең көп зардап шеккен өңірлерге қосымша көмек жіберді. Олардың қатарында құтқару жасақтары мен медициналық бригадалар бар. Өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлері іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастырып, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және шығынды азайтуға күш салып отыр.

Ауа райының қолайсыздығы теміржол қатынасына да әсер етті: Kyushu Railway Co жоғары жылдамдықты пойыздардың барлық рейстерін жағдай жақсарғанша тоқтатты.