Жапонияда бір аптаның ішінде 400-ден аса жерасты дүмпуі тіркелді

0
109

Ең қуатты жер сілкінісі 5,1 балға дейін жеткен.


Жапонияда бір аптаның ішінде 400-ден аса жерасты дүмпуі тіркелді

Фото: Риа Новости

ERNUR.KZ. Сенбі күні Кагосима префектурасында, Токара аралдарының айналасындағы теңізде Жапонияның сейсмикалық жиілік шкаласы бойынша 1 – 7 балл аралығында 400-ден астам жерасты дүмпуі тіркелді, деп жазады inbusiness.kz.

Жапонияның метеорология басқармасы өңір тұрғындарына соңғы дүмпулердің бұрынғыға қарағанда жиі болғанын назарға ала отырып, қуатты дүмпу болу ықтималдылығына байланысты сақтық танытуға шақырды.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 16:00-де 1 және одан жоғары балдық жиілікпен 432 дүмпу тіркелген.

Ең қуатты 5,1 магнитудалық жер сілкінісі жексенбі күні Акусэкидзима аралында болған. Оның жиілігі 4 балды құрады.

Метеоролгиялық басқарма қызметкерлері біраз уақытқа дейін қуатты жерасты дүмпулерінен сақ болуға шақырды.

Олар сейсмикалық белсенділіктің айларға созылған кездері болғанын еске салды.