Жапонияда бала туу деңгейі алғаш рет төмендеді

0
153

Елдегі туу көрсеткіші де, туу коэффициенті де қатарынан төмендеп тұр.


Жапонияда бала туу деңгейі алғаш рет төмендеді

Фото: Интерфакс

ERNUR.KZ. Бір ғана мысал, былтыр дүние есігін ашқан балалар саны алдынғы жылмен салыстырғанда 5,7%-ға азайған, деп жазады inbusiness.kz.

Еске салайық, аталған деректерге шетел азаматтарынан туған балалар кірмейді.

– Елдегі жиынтық туу коэффициенті бір әйелдің репродуктивтік кезеңінде дүниеге әкелетін баланың орташа саны 2023 жылғы 1,20 көрсеткішінен төмендеп, 2024 жылы рекордтық ең төмен деңгей 1,15-ке дейін азайды, – деп хабарлады Жапонияның денсаулық сақтау, еңбек және әл-ауқат министрлігі.

Болашақтағы туу көрсеткішіне ықпал ететін негізгі факторлардың бірі – неке саны. Бір қуанарлығы, ол 2024 жылы екі жылдан бері алғаш рет артқан. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 322-ге көп.

Елдегі өлім-жітім де тоқтамай тұр. Оның саны 1 605 298-ге жетіп, соғыстан кейінгі жылдардағы ең жоғары көрсеткішке ие болды. Жапониядағы табиғи халық санының азаюы осылайша рекордтық деңгейге жеткен. Бұл көрсеткіш арасына жыл салмай 18 жыл бойы жалғасып келеді.

Негізінен, Жапонияда туу деңгейі 1973 жылдан бері төмендеуде. Ол уақытта шамамен 2,09 миллион бала өмірге келген. Бұл көрсеткіш 2016 жылы 1 миллионнан, ал 2022 жылы 800 мыңнан да төмендей түсті.

Халық және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ұлттық зерттеу институты бұған дейін "туу саны 2039 жылға дейін 680 мыңға дейін төмендейді" деген қорқынышты болжам жасаған.