TEPCO компаниясы жеті реактордың бірін 20 қаңтарда іске қосады.
Фото: CC BY-SA 2.5 / Newsliner /
ERNUR.KZ. Жапониядағы Ниигата префектурасының жиналысы әкімшілік бірліктің басшысы Хидэё Ханадзүми ұсынған "Касивадзаки-Карива" АЭС-ін қайта іске қосу туралы шешімді қолдады, деп жазады inbusiness.kz.
The Japan Times басылымының жазуынша, Жапония 2011 жылғы "Фукусима-1" АЭС-тегі апаттан кейін барлық 54 АЭС-тің жұмысын тоқтатқан болатын. Соңғы онжылдықта олардың бір бөлігі қайта іске қосылған.
Дауыс беру алдында Ниигата префектурасы мәжілісінің ғимаратының алдында жүздеген адам наразылығын білдірді. Әсіресе, қарт адамдар радиациялық апат қайталана ма деп қауіптеніп отыр.
2011 жылғы наурызда Жапонияның солтүстік-шығыс жағалауында жер сілкінісі болып, оның соңы цунамиге ұласты. Кейін "Фукусима-1" АЭС-інде Чернобыль апатынан кейінгі ең ірі ядролық апат болды.


