Зеленский Украинадағы әскери жағдайды ұзартуды ұсынды

0
86

Украинада әскери жағдай 2022 жылы 24 ақпанда енгізілді.


Зеленский Украинадағы әскери жағдайды ұзартуды ұсынды

фото: Sputnik / Алексей Витвицкий

ERNUR.KZ. Владимир Зеленский Жоғарғы Радаға Украинадағы жалпы мобилизациялау және әскери жағдайды тағы 90 күнге ұзарту туралы ұсыныс енгізді, деп жазады sputnik.kz.

"Дүйсенбіде Украина парламентінің сайтында 3 ақпаннан бастап әскери жағдай мен мобилизациялауды тағы 90 күнге ұзартуды ұсынатын заң жобалары тіркелді", - деп жазылған материалда.

30 қазанда Зеленский Украинадағы әскери жағдай мен жалпы жұмылдыруды тағы 90 күнге, 3 ақпанға дейін ұзартатын заңдарға қол қойды.

Украинада әскери жағдай 2022 жылы 24 ақпанда енгізіліп, келесі күні Владимир Зеленский жаппай мобилизация туралы жарлыққа қол қойды.
Соғыс жағдайы кезінде 18 бен 60 жас аралығындағы ер адамдарға Украинадан шығуға тыйым салынған. Елде мобилизация кезінде әскери қызметтен жалтарғандар бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.