Зеленский сонымен қатар Трамппен Украинаға мықты қауіпсіздік кепілдігі қажеттігі туралы талқылағанын айтты.
Фото: АЗЕРТАДЖ
ERNUR.KZ. Украина президенті Владимир Зеленский Флоридадағы келіссөз кезінде Ақ үй президенті Дональд Трампқа осындай ұсыныс жасады, деп жазады inform.kz.
Бұл туралы РБК-Украина мәлімдеді.
- Мен оған 30-40-50 жылдық мүмкіндікті қарастырғымыз келетінін айттым. Сонда бұл президент Трамптың тарихи шешімі болар еді. Президент бұл туралы ойланатынын айтты, - деді Украина басшысы.
Зеленский сонымен қатар Трамппен Украинаға мықты қауіпсіздік кепілдігі қажеттігі туралы талқылағанын айтты.
Естеріңізге сала кетейік, Трамп пен Зеленский бір күн бұрын Флоридада кездесті. Онда АҚШ көшбасшысы «келісімге қол жеткізудің барлық алғышарты» бар екенін және Ресей мен Украинаның екеуі де тұрақты бейбітшілік орнатуға ынталы екенін мәлімдеді.


