WhatsApp мыңдаған адамның телефонында жұмысын тоқтатады

0
259

Атап айтқанда, iPhone 5s, iPhone 6 және iPhone 6 Plus және Android жүйесінің жүздеген моделінде мессенджер өшіріледі.


WhatsApp мыңдаған адамның телефонында жұмысын тоқтатады

Фото: pixabay

ERNUR.KZ. 1 маусымнан бастап WhatsApp қосымшасы iOS және Android жүйелеріндегі бірқатар ескірген смартфонда жұмысын тоқтатады. Мұндай ақпаратты компания таратты, деп жазады Azattyq Rýhy.

Мессенджер қай құрылғыларда жұмысын тоқтатады

Қосымша iOS 15.1 және одан ертерек шыққан құрылғыларда, сондай-ақ 5.1 нұсқасынан төмен Android жүйесінде жұмысын тоқтатады. Атап айтқанда, бұл iPhone 5s, 6 және 6 Plus телефонына қатысты.

WhatsApp-қа кімдер кіре алады

Сонымен қатар 6s, 6s Plus және iPhone SE алғашқы үлгілерінің иелері iOS 15.8.4 нұсқасы орнатылған жағдайда мессенджерді қолдана алады.

Компания не дейді?

Ескі құрылғылардың иелеріне операциялық жүйені жаңарту немесе заманауи құрылғыны пайдалану ұсынылады.

«Қолдауды тоқтату пайдаланушылардың WhatsApp қосымшасын іске қоса алмайтынын немесе оның жұмысы шектелетінін, соның ішінде қауіпсіздік жаңартуларын орната алмайтынын білдіреді», - делінген хабарламада.