11 мыңнан астам адам жарақат алып, 12,8 мың тұрғын баспанасыз қалды. Елде жеті күндік ұлттық аза тұту жарияланды.
Іздеу-құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Оған ұлттық және халықаралық құрамдағы 4 мыңнан астам құтқарушы жұмылдырылған. Осы уақытқа дейін олар үйінді астынан 6,4 мыңнан астам адамды аман алып шыққан.
Хорхе Родригестің айтуынша, негізгі жер сілкінісінен кейін елде 782 афтершок тіркелген. Алайда соңғы күндері олардың жиілігі мен қарқыны біртіндеп бәсеңдей бастаған.
Сондай-ақ билік табиғи апат орнында тонаумен айналысты деген күдікпен төрт полиция қызметкерінің ұсталғанын хабарлады.
Венесула үкіметі елде жеті күндік ұлттық аза тұту жариялады.
Қазіргі уақытта Венесулаға ондаған мемлекет көмек көрсетіп жатыр. Құтқару операциясына 51 шетелдік делегацияның 3,7 мыңға жуық маманы мен 148 іздестіру иті қатысуда.


