Венесуэладағы жер сілкінісінен төрт күн үйінді астында жатқан 11 жастағы бала аман қалды

0
90

Карабальеда – табиғи апаттан ең көп зардап шеккен Ла-Гуайра штатының әкімшілік орталығы.


Венесуэладағы жер сілкінісінен төрт күн үйінді астында жатқан 11 жастағы бала аман қалды

ERNUR.KZ. Венесуэланың Карабальеда қаласында құтқарушылар жойқын жер сілкінісінен кейін төрт күн бойы үйінді астында жатқан 11 жастағы баланы аман алып шықты, деп жазады stan.kz.

Карабальеда – табиғи апаттан ең көп зардап шеккен Ла-Гуайра штатының әкімшілік орталығы.

Бұл құтқару оқиғасы туралы уақытша президент Дельси Родригес X әлеуметтік желісінде хабарлады. Ол жариялаған видеодан құтқарушылардың баланы үйінді астынан алып шығып жатқанын көруге болады.

"Осыдан бірнеше минут бұрын Карабальедада 11 жастағы бала үйінді астынан құтқарылды. Осындай сәтте аман қалған әрбір адам – Венесуэла үшін үміт", – деп жазды Родригес.

Бұған дейін Венесуэлада болған қуатты жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1450 адамға жеткені туралы жазған едік.

"Қаза тапқандар саны 1450 адамға жеткенін өкінішпен хабарлаймыз. Олар еліміздің тарихындағы ең алапат табиғи апат салдарынан көз жұмды. Жер сілкінісінен 3150 адам жарақат алған, 12 721 тұрғын баспанасын тастап кетуге мәжбүр болған, ал 774 ғимарат толықтай қираған”, – деп мәлімдеді президент міндетін атқарушы Дельси Родригес.

Еске салсақ, 24 маусым күні Венесуэлада араға бір минут салып екі қуатты жер сілкінісі болғаны туралы жазған едік. Алғашқы жер сілкінісінің магнитудасы 7,1 балл болса, небәрі бір минут өткенде магнитудасы 7,5 балл болатын екінші жер сілкінісі тіркелген. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жойқын жер сілкінісі салдарынан көп адам қаза табуына және жарақат алуына байланысты Венесуэла президентінің міндетін атқарушы Делси Родригеске көңіл айтты.