Венесуэладағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1719-ға жетті

0
371

Венесуэла халықаралық ұйымдар мен әртүрлі елдерден көмек қабылдап жатыр.


Венесуэладағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1719-ға жетті

Фото: Анадолы

ERNUR.KZ. 24 маусымдағы жер сілкінісінен кейін Венесуэлада іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, қаза тапқандар саны 1719-ға жетті, деп жазады inform.kz.

Венесуэла Ұлттық Ассамблеясының президенті Хорхе Родригес елде болған екі бірдей жер сілкінісінен кейінгі жағдай туралы мәлімдеме жасады.

Родригес жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1719-ға, ал жарақат алғандар саны 5034-ке жеткенін хабарлады.

Оның айтуынша, жер сілкіністерінен 22 619 адам жарақат алды, ал 855 зақымдалған ғимараттың 189-ы толығымен қирады.

Естеріңізге сала кетейік, Венесуэлада 24 маусымның кеші мен 25 маусымның таңертеңінде жер сілкінісі болып, көптеген үйлер қирады.

Елде төтенше жағдай жарияланды, ал ең қатты зардап шеккен Ла-Гуайра штаты әскери бақылауға алынды.

Венесуэла халықаралық ұйымдар мен әртүрлі елдерден көмек қабылдап жатыр.