Венесуэладағы жер сілкінісі: Сұлулық байқауының жеңімпазы мен оның сүйіктісінің денесі үйінді астынан табылды

0
105

Екеуі үйінді астынан бірге табылған.


Венесуэладағы жер сілкінісі: Сұлулық байқауының жеңімпазы мен оның сүйіктісінің денесі үйінді астынан табылды
фото: baq.kz.

ERNUR.KZ. Венесуэладағы жер сілкінісінен кейін үйінді астынан сұлулық байқауының жеңімпазы мен оның сүйіктісінің денесі табылды. Құтқарушылар Венесуэладағы жойқын жер сілкінісінен кейін үйінділерді тазалау жұмыстарын жалғастырып жатыр. Қаза тапқандар саны күн санап өсуде, деп жазады baq.kz.

New York Post хабарлауынша, "Мисс Гранд Орландо - 2025" титулының иегері, 23 жастағы Скарлент Родригес өзінің жігіті Хосе Кастромен бірге жер сілкінісі кезінде қаза тапқан.

Құтқарушылар олардың мәйіттерін Катиа-ла-Мар қаласындағы қираған тұрғын үйдің үйіндісі астынан шығарған.

Сондай-ақ, жер сілкінісі салдарынан Хосе Кастроның отбасынан оның әкесі, әжесі, тәтесі мен ағасы да қаза тапқаны хабарланды.

Еске сала кетейік, жер сілкінісі 24 маусымда тіркелген. Магнитудасы 7,5 болған табиғи апаттың эпицентрі Валенсия қаласынан солтүстік-батысқа қарай шамамен 60 шақырым жерде орналасқан. Мамандардың бағалауынша, бұл – 1900 жылдан бергі Венесуладағы ең жойқын жер сілкінісі.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Венесуэладағы жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына және жарақат алуына байланысты Делси Родригеске көңіл айту жеделхатын жолдаған.

Содан кейін Венесуэлада жеті күндік ұлттық аза тұту жарияланды.