Венесуэлада әйел қираған ғимараттың ішінде босанды

0
104

​Ол жер сілкінісінен кейін толғатып, босанған.


Венесуэлада әйел қираған ғимараттың ішінде босанды

ERNUR.KZ. Венесуэлада әйел жойқын жер сілкінісі салдарынан қираған ғимараттың үйінділері арасында босанды, деп жазады baq.kz.

Mundo басылымының мәліметінше, босану процесі электр жарығы мен медициналық жабдықтар мүлдем жоқ жағдайда өткен.

Венесуэла билігінің соңғы деректері бойынша, қаза тапқандар саны 235 адамға жетті, ал 4300-ден астам зардап шегушіге медициналық көмек көрсетілді.

Табиғи апат салдарынан тұрғын үйлер қирап, инфрақұрылым мен медициналық мекемелер зақымданған, сондай-ақ елдің бас әуежайы уақытша жабылған.

Еске сала кетейік, 25 маусымға қараған түні Венесуэланың солтүстігінде қуатты жер сілкінісі болды. Алғашында жерасты дүмпуінің магнитудасы 7,1 болғаны хабарланған еді. Кейінірек АҚШ Геологиялық қызметі шамамен 40 секундтық аралықпен магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі бірдей қатарлас жер сілкінісін тіркеді.

Табиғи апаттың ауыр салдарына байланысты Венесуэла билігі елде төтенше жағдай режимін жариялады.

Айта кетейік, ҚР СІМ Венесуэладағы жойқын жер сілкінісіне қатысты қазақстандықтарға мәлімдеме жасады.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Венесуэла Президентінің міндетін атқарушы Делси Родригеске көңіл айту жеделхатын жолдады.