Вашингтонда Трамп пен Эпштейннің мүсіні орнатылды

0
105

Биіктігі 3,6 метрлік «Әлем патшасы» деп аталатын мүсінде АҚШ президенті Дональд Трамп Эпштейнді құшақтап тұрғаны бейнеленген.


Вашингтонда Трамп пен Эпштейннің мүсіні орнатылды
Фото: The Secret Handshake


ERNUR.KZ. Вашингтонда АҚШ президенті Дональд Трамп пен Джеффри Эпштейннің ескерткіші орнатылды, деп жазады inform.kz.

Биіктігі 3,6 метрлік «Әлем патшасы» деп аталатын мүсінде АҚШ президенті Дональд Трамп Эпштейнді құшақтап тұрғаны бейнеленген. Ескерткіш 1997 жылы жарыққа шыққан «Титаник» фильміндегі Леонардо Ди Каприо мен Кейт Уинслеттің әйгілі бейнесінде сомдалған.

Мүсін АҚШ Капитолий ғимаратының алдында, Мэдисон-драйв пен Джефферсон-драйвының арасындағы 3-Батыс көшесінде орналасқан.
Ескерткіштің астындағы тақтайшада: «Джек пен Роуздың қайғылы махаббат хикаясы сәнді саяхатқа, шулы кештерге және жасырын жалаңаш бейнелерге негізделген». Бұл ескерткіш Дональд Трамп пен Джеффри Эпштейн арасындағы достыққа арналған.
Трамптың екінші президенттік мерзімі басталғаннан бері, оңшылдар да, солшылдар да Эпштейн ісін тергеудің ашықтығын талап етті. Қамауда көз жұмған Эпштейн бай, танымал және ықпалды адамдармен, оның ішінде Эндрю ханзададан бастап Клинтондарға дейін байланыста болды.
Соңғы айларда ФБР мұрағатындағы миллиондаған құжаттар Эпштейнмен байланыста болған көп адамға ауыр зардап әкелді. Жұмыстан кетуге мәжбүр болғандардың арасында өнер саласының көрнекті қайраткерлері де бар.
Айта кетейік, АҚШ Конгресі Эпштейн ісі бойынша ақпаратты жариялау туралы заң жобасын мақұлдады.