​Үндістанның солтүстігінде тікұшақ апатқа ұшырады

0
223

Тікұшақ бортында пилотты қосқанда жеті адам болған.


​Үндістанның солтүстігінде тікұшақ апатқа ұшырады

Фото: aninews.in

ERNUR.KZ. Үндістанның солтүстігіндегі Гималай аймағында тікұшақ апатқа ұшырады, деп жазады inform.kz.

ANI агенттігінің мәліметінше, тікұшақ бортында пилотты қосқанда жеті адам болған. NDTV телеарнасы барлық жолаушылардың қаза тапқанын хабарлады. Алайда әзірге ресми түрде қаза тапқандар саны жарияланған жоқ.

Тікұшақ Уттаракханд штатының таулы өңіріндегі Кедарнатх ауылынан кері бағытта қайтып келе жатқан.
Алдын ала болжам бойынша, апатқа қолайсыз ауа райы себеп болуы мүмкін.
Еске салайық, бұған дейін Үндістанда Air India ұшағы апатқа ұшырап, дәрігерлерге арналған жатақхана ғимаратына құлаған.