Үндістандық әйел діни рәсімді сылтауратып танысының баласын ұрлап кеткен

0
95

Күдікті – ертеректе өзінің баласынан айрылып қалған әйел.


Үндістандық әйел діни рәсімді сылтауратып танысының баласын ұрлап кеткен

Фото: pexels

ERNUR.KZ. Үндістанның Кришнагири округіне қарасты Моттур ауылында 42 жастағы әйел 27 жастағы танысының баласын "пуджа" атты діни рәсім өткіземін деген сылтаумен ұрлап кеткен, деп жазады zakon.kz.

Times of India басылымының жазуынша, бұл рәсім қыз баланың жұлдызнамасындағы "кемшілікті түзету" және оның тағдырын өзгерту мақсатында жасалады делінген. Нәрестенің анасы алты айлық қызының жоғалғаны туралы сол күні-ақ полицияға хабар берген.

Бейнебақылау камераларының көмегімен күдіктінің ізі табылып, ол Хосур қаласына жеткен кезде қолға түсті. Полицияның мәліметінше, күдікті – ертеректе өзінің баласынан айрылып қалған әйел. Ол бұл қадамға аналық сағыныш салдарынан барғанын айтқан.

Басылым дерегінше, сәби анасына аман-есен қайтарылды, ал сот әйелді қамауға алу туралы шешім шығарды.