Әуе апаты маусым айында болған еді.
Фото: РБК
ERNUR.KZ. Air India әуе компаниясы Boeing 787-8 ұшақтарындағы жанармай жүйесін басқаратын тетіктерден ақау таппады. Бұл туралы NDTV телеарнасы мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.
Өткен аптада Гуджарат штатындағы ұшақ апатын тергеп жатқан мамандар Boeing 787 Dreamliner әуе кемесі апатқа ұшырамас бұрын қозғалтқыштарға отын беру механизмдері істен шыққанын хабарлаған еді.
"Air India компаниясы өзінің барлық Boeing 787-8 ұшақтарындағы жанармай жүйесі тетігін алдын ала тексерді. Тексеру нәтижесінде ешқандай ақау анықталмады", – делінген ресми хабарламада.
Air India әуе компаниясының Ахмедабадтан Лондонға бағыт алған жолаушылар ұшағы 12 маусым күні апатқа ұшырады. Әуе компаниясының мәліметінше, ұшақ бортында 242 адам болған, оның ішінде екі ұшқыш пен он бортсерік бар. Апат нәтижесінде бір жолаушы ғана аман қалды.
Ұшақ Ахмедабадтағы медициналық колледж жатақханасының ғимаратына құлады. Салдарынан жатақханада да адамдар да қайтыс болды. Соңғы мәліметтерге сәйкес, әуе апаты нәтиежесінде қаза тапқандар саны 275-ке жеткен.