Үндістандағы нөсер мен дауылдан 28 адам мерт болды

0
213

​Үндістанның бірнеше штатында нөсер жаңбыр мен күшті дауыл салдарынан болған түрлі оқиғалардан 28 адам қаза тапты, деп хабарлайды Hindustan Times.


Үндістандағы нөсер мен дауылдан 28 адам мерт болды

Фото: Анадолы

ERNUR.KZ. Басылымның мәліметінше, елдің әр өңірінде болған жауын-шашын мен дауылды жел тұрғындардың тұрмыс-тіршілігіне айтарлықтай зиян келтірген, деп жазады kaz.inform.kz.

Ең көп адам шығыны Уттар-Прадеш штатында тіркелді.

Онда екі адам найзағай соғып, қаза болды.

Нөсер жаңбыр мен дауыл кезінде ағаштың тұрғын үйдің үстіне құлауынан тағы үш адам қаза тапқан.

Ал салынып жатқан көпірдің опырылуы салдарынан алты адам мерт болған.

Дауылдан көптеген жануар шығынға ұшырады.

Бірқатар ғимаратқа да зақым келген.

Батыс Бенгалия және Бихар штаттарында күшті дауыл мен найзағайдан жеті адамнан құрбан болды.

Мадхья-Прадеш штатында нөсер жаңбыр салдарынан үш адам қаза тауып, тағы екі адам жарақат алған.

Метеорология қызметінің өкілдері Үндістанның солтүстік өңірлерінде қолайсыз ауа райы алдағы күндері де сақталуы мүмкін екенін ескертті.