Барлық зардап шеккендер ауруханаға жеткізілген.
Фото: TimesNow видео кадрларынан скрин
ERNUR.KZ. Үндістанның Ахмедабад қаласында апатқа ұшыраған Air India ұшағындағы барлық жолаушы қаза тапты, деп жазады stan.kz.
Полицияның нақтылауынша, әуе кемесі дәрігерлерге арналған жатақхана маңында құлаған. Оқиға орнына шұғыл қызметтер екі-үш минутта жеткен. Қазір аумақтың 70-80 пайызы тазартылып үлгерді. Барлық зардап шеккендер ауруханаға жеткізілген.
Hindustan Times басылымының мәліметінше, ұшақ бортында Үндістан азаматтарынан бөлек, Ұлыбританияның 53 азаматы, Португалияның жеті азаматы және Канаданың бір азаматы болған.
Air India барлық рейстерін уақытша тоқтатты. Апат алдында ұшқыштар бірнеше минут бұрын апаттық сигнал бергенімен, диспетчерлік қызмет жауап беріп үлгермегені анықталды.
Еске салсақ, Үндістанда жолаушыларұшағы апатқа ұшырағанытуралы хабарлаған едік. Бортта 242 адам болған.