Үндістанда тікұшақ апатқа ұшырап, 5 адам қаза тапты

0
136


Үндістанда тікұшақ апатқа ұшырап, 5 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Үндістанның Уттаракханд штатында тікұшақ апатынан бес адам қаза тауып, екеуі жарақат алды, де жазады kaz.inform.kz.


India Today хабарлауынша, жеке иеліктегі тікұшақ 8 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 09:00 шамасында Уттаркаши ауданындағы Ганганани ыстық бұлақтарына жақын жерде құлаған.

Жеке мақсатта пайдаланылған жеті орындық тікұшақ Ганготриге қарай бет алған.

Уттаракханд штатының бас министрі Пушкар Сингх Дхами ұшақ апатының себебін тергеуді тапсырғанын хабарлады.