Үндістанда тағы да әуе апатынан жолаушылар қаза тапты

0
219

Штат басшысы Пушкар Сингх Дхами қайтыс болғандардың туыстарына көңіл айтып, арнайы мәлімдеме жасады.


Үндістанда тағы да әуе апатынан жолаушылар қаза тапты

ERNUR.KZ. Үндістанның Уттаракханд штатында жексенбі күні таңертең жолаушылар мінген тікұшақ құлап, жеті адам көз жұмды. Әуе көлігі Кедарнаттан Гупткарши бағытына бет алған. Тікұшақ Aryan Aviation жеке компаниясына тиесілі, деп жазады Skifnews.kz.


Times of India басылымы апатқа тұман мен нашар көріну себеп болуы мүмкін екенін хабарлады. Қазір оқиға орнында құтқарушылар мен полиция жұмыс істеп жатыр.

Штат басшысы Пушкар Сингх Дхами қайтыс болғандардың туыстарына көңіл айтып, арнайы мәлімдеме жасады.

“Рудрапраяг ауданында орын алған қайғылы оқиға туралы хабар жан түршігерлік. Құтқару қызметі мен жергілікті билік шұғыл әрекет етіп жатыр. Барша жолаушылардың амандығы үшін дұғадамын” - деді ол.

Аймақта соңғы апталарда бірнеше әуе көлігіне қатысты төтенше жағдай тіркелген. Осыған байланысты билік әуе техникасының жағдайы мен ұшу қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды күшейтпек.

Бұған дейін, 12 маусымда Ахмадабад қаласында Air India компаниясының 242 жолаушысы бар ұшағы медициналық колледж ғимаратына құлаған еді. Оқиғадан тек бір адам тірі қалған.

Компания марқұм болған азаматтардың отбасына 10 миллион рупий (117 мың доллар) көлемінде өтемақы беретінін хабарлады.