Үндістанда маймыл шешегінің жаңа қауіпті штаммы анықталды

0
120


Үндістанда маймыл шешегінің жаңа қауіпті штаммы анықталды

Фото: independent.co.uk

ERNUR.KZ Үндістанның Керала штатында маймыл шешегінің жаңа қауіпті штаммы тіркелді, деп жазады Stan.kz.

Зерттеу нәтижелері Үндістан медициналық зерттеулер кеңесі (ICMR), вирусология институты және бірқатар диагностикалық зертханалардың бірлескен жұмысы барысында алынған. Мамандар жүргізген генетикалық талдау жаңа штаммның таралуы шетелге сапарлармен байланысты екенін және аурудың адамнан адамға жұғатынын көрсеткен.

Билік өкілдері науқастармен байланыста болған 180 адамды тексеріп, оның ішінде 20 адам карантинге алынған.

Мамандардың мәліметінше, Кералада расталған диагнозы бар 10 науқастың 9-ы бұған дейін шетелге шыққан.

Вирус бұған дейін Африкада анықталған Clade Ib штаммы. Дәрігерлер оның вируленттілігі жоғары екенін және жұғу ықтималдығы күшті екенін атап отыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) дерегінше, 2025 жылдың 1 қаңтарынан 30 маусымына дейін әлем бойынша 79 елде 30 022 жағдай тіркеліп, 119 адам қайтыс болған. Ең көп жағдай Африка елдерінде байқалған.

Маймыл шешегі сирек кездесетін вирустық инфекция. Аурудың негізгі белгілері: дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, лимфа түйіндерінің ұлғаюы және денеге бөртпенің шығуы. Жеңіл жағдайда инфекция әдетте 14-21 күн ішінде өздігінен жазылып кетуі мүмкін.