Түркияда 5 балдық жер сілкінісі болды

0
125

​Жер сілкінісі басқа да өңірлерде сезілген.


Түркияда 5 балдық жер сілкінісі болды

Фото: kuku.travel

ERNUR.KZ. Түркияның Адана провинциясында магнитудасы 5 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп жазады inbusiness.kz.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасының (AFAD) сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, жер сілкінісінің эпицентрі Сайымбейли ауданында орналасқан. Зілзала ошағы 7 шақырым тереңдікте болған.

Адана губернаторының әкімшілігі қазіргі уақытта ешқандай кері салдар тіркелмегенін, жағдай жіті бақылауда тұрғанын мәлім етті.

"Адана провинциясының Сайымбейли ауданында сағат 04:02-де болған 5 балдық жер сілкінісі Қахраманмараш, Османие, Кайсери және Газиантеп провинцияларында да сезілді. Қазіргі таңда ешқандай зардап тіркелген жоқ, аумақты тексеру жұмыстары жүріп жатыр", – деп хабарлады AFAD X желісінде.