Трамп Украинадағы қақтығысты тоқтататын уақыт келді деп мәлімдеді

0
103

Дональд Трамп Украинадағы қақтығыстың екі тарапы да оны реттеуге бұрын-соңды болмаған деңгейде жақындағанын мәлімдеді.


Трамп Украинадағы қақтығысты тоқтататын уақыт келді деп мәлімдеді

фото: Getty Images / Joe Raedle

ERNUR.KZ. АҚШ президенті Дональд Трамп жексенбі күні Украина басшысы Владимир Зеленскиймен кездескеннен кейін қақтығысты тоқтататын уақыт келгенін мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
"Ресей бұл мәселенің шешілгенін қалайды, Украина да соны қалайды, менің ойымша, бұған нүкте қоятын уақыт келді", - деді Трамп Зеленскиймен бірге өткізген баспасөз мәслихатында.
Дональд Трамп Украинадағы қақтығыстың екі тарапы да оны реттеуге бұрын-соңды болмаған деңгейде жақындағанын мәлімдеді.
"Біз, келісімге қол жеткізуге бұрын-соңды бұлай жақындаған жоқпыз", — деді ол.
АҚШ президенті Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша қалған мәселелер алдағы апталарда шешіледі деп үміттенетінін айтты.
"Барлығы ойдағыдай өтсе, бұл бірнеше аптаға ғана созылуы мүмкін", — деді Трамп.