Трамп Ормуз бұғазын АҚШ аумағы деп жарияламақ

0
149

Мамандардың пікірінше, бұл Трамптың бұған дейінгі «Иранмен соғыс қысқа мерзімді болады» деген сөздеріне қайшы келеді.


Трамп Ормуз бұғазын АҚШ аумағы деп жарияламақ
Фото: REUTERS/Evan Vucci

ERNUR.KZ. АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен арадағы қақтығыста түпкілікті жеңіске жеткеннен кейін Ормуз бұғазын «Америка Құрама Штаттарының аумағы» деп жариялауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп жазады Azattyq Rýhy.

Нью-Йорк штатындағы полиция академиясында сөйлеген сөзінде АҚШ басшысы қазіргі уақытта стратегиялық су жолын Америка әскерилері толық бақылауда ұстап, Ислам Республикасының порттарын бұғаттап отырғанын атап өтті. АҚШ президентінің бұл мәлімдемесі өңірдегі әскери қатысуды белгісіз мерзімге дейін ұзартуды талап етуі мүмкін. Мамандардың пікірінше, бұл Трамптың бұған дейінгі «Иранмен соғыс қысқа мерзімді болады» деген сөздеріне қайшы келеді.

Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Касем Ғарибабади Дональд Трамптың мәлімдемесіне жауап беріп, Тегеран АҚШ тарапынан жасалатын қорқыту мен күш көрсетуге ешқашан бас имейтінін айтты. Оның сөзінше, Ормуз бұғазы Иранның бақылауында болған және солай болып қала береді. Ақпан айынан бері жалғасып келе жатқан әскери іс-қимылдарға байланысты әлемдік мұнай тасымалының елеулі бөлігі өтетін бұғаздағы кеме қатынасы дерлік тоқтаған. Бұған дейін Дональд Трамп Гренландия мен Панама каналына бақылау орнату ниетін білдіріп, Венесуэланы «АҚШ-тың 51-штаты» деп атаған болатын.