Трамп АҚШ-та ядролық сынақтар өткізілетінін растады

0
135

Президенттің айтуынша, сынақтар АҚШ-қа "ядролық қарудың қалай жұмыс істейтінін көруге" мүмкіндік береді.


Трамп АҚШ-та ядролық сынақтар өткізілетінін растады

ERNUR.KZ. АҚШ президенті Дональд Трамп елдің ядролық сынақтар жүргізетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол CBS News телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп жазады baq.kz.

Президенттің айтуынша, сынақтар АҚШ-қа "ядролық қарудың қалай жұмыс істейтінін көруге" мүмкіндік береді. Трамп Ресей мен Солтүстік Кореяның мұндай сынақтарды үнемі өткізіп отыратынын атап өтіп, "АҚШ бұл қаруды бастан кешірмейтін жалғыз ел болмауы керек" деді.

Журналистің "бұл 30 жылдан кейін ядролық жарылыстар қайта басталады деген сөз бе?" деген сұрағына Трамп:

Біз басқа елдер сияқты ядролық қаруды сынаймыз, – деп жауап берді.

АҚШ президенті Ресей мен Қытайдың да ядролық қаруды сынап жатқанын айтып, "олар мұны ашық жарияламайды" деді.

Айта кетсек, Трамп ядролық сынақтарды қайта бастау жоспары туралы 29 қазанда жариялаған. Дегенмен, әзірге сынақтардың нақты түрі – жарылғыш не субкритикалық екендігі ресми түрде түсіндірілмеді.