Тамақты кеш бергені үшін ер адам жеңгесінің басын шауып тастады

0
332

Қылмыс туралы ағашта ілулі тұрған басты өтіп бара жатқан ауыл тұрғындары байқағаннан кейін белгілі болды.


Тамақты кеш бергені үшін ер адам жеңгесінің басын шауып тастады

Фото: pexels

ERNUR.KZ. Үндістанның Бихар штатындағы Имадпур ауылында ер адам 25 жастағы жеңгесінің басын шауып, оны үйдің жанындағы ағашқа іліп қойған, деп жазады zakon.kz.

Oxu.Az басылымының Times of India-ға сілтеме жасап жазуынша, қаза тапқан Аншу Деви Дхармендра Кумардың әйелі болған. Оқиға кезінде отбасының басқа мүшелері күріш алқабына жұмысқа кеткендіктен, әйел үйде жалғыз қалған.

Күйеуінің інісі Кунал Кумар жұмыстан ерте оралып, жеңгесінен тамақ әкелуін сұраған. Әйел тамақты "уақтылы" бермегендіктен, екеуінің арасында жанжал туындаған. Осы кезде ер адам оған балтамен шабуыл жасаған. Кейін әйелдің басын сыртқа алып шығып, баньян ағашына іліп қойған.

Қылмыс туралы ағашта ілулі тұрған басты өтіп бара жатқан ауыл тұрғындары байқағаннан кейін белгілі болды. Олар күдіктіні ұстап, полицияға тапсырған. Қылмыс құралы тәркіленіп, ер адам қамауға алынды.