Таиландта 25-қабаттан құлаған әйел аман қалды

0
67

Оқиға Паттайя қаласында отбасылық жанжалдан кейін болған.


Таиландта 25-қабаттан құлаған әйел аман қалды

фото: Sputnik

ERNUR.KZ. Таиландта 26 жастағы әйел тұрғын үй кешенінің 25-қабатынан құлап, тірі қалды, деп жазады sputnik.kz.

Оқиға 28 желтоқсанға қараған түні курортты Паттайя қаласында болған. Көршілер биіктен құлаған әйелді көріп, құтқарушыларды шақырған. Зардап шеккен әйел бассейннің шетінен табылды, ол тірі қалғанымен, ауыр жарақат алған. Дәрігерлер оны аса ауыр жағдайда ауруханаға жеткізді.
Полиция мәліметінше, әйел шетелдік күйеуімен бірге 25-қабатта тұрған. Оқиғадан бір күн бұрын ерлі-зайыпты арасында қатты жанжал болған, оны көршілер естіген. Құқық қорғау органдары оқиғаға күйеуінің қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.
Құтқарушылар әйелдің аман қалуына қатты жел себеп болуы мүмкін деп болжап отыр. Полиция барлық мән-жайды анықтау үшін жарақат алған әйелдің күйеуін ұстады.