Сирия Наурызды мемлекеттік мереке ретінде қабылдап, халыққа демалыс беретін болды

0
109

​Ресми құжатта Наурыз ұлттық мейрам болады деп жазылған.


Сирия Наурызды мемлекеттік мереке ретінде қабылдап, халыққа демалыс беретін болды

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Сирия президенті Ахмад аш-Шараа Наурызды мемлекеттік мереке деп тану туралы жарлыққа қол қойды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл туралы Сирияның SANA ақпарат агенттігі жазып отыр.

Құжатқа сәйкес, енді Сирияда 21 наурыз – ресми түрде Наурыз мейрамы ретінде тойланады және халық бұл күні демалады.

Яғни, құжатта жазылғандай, бұл күні мемлекеттік қызметкерлерге ақылы демалыс беріледі. Сонымен қатар жарлық мәтінінде араб тілімен қатар күрд тілін де ұлттық тіл ретінде тану және этникалық әрі тілдік белгілер бойынша кемсітушілікке тыйым салу туралы айтылған.

Аталған шешім он жылдан астам уақытқа созылған қақтығыстан кейін ұлттық бірлікті нығайтуға және этномәдени қауымдастықтардың құқықтарын мойындауға бағытталған кең ауқымды реформалар пакеті аясында қабылданды.