Ресейдегі зираттардың бірінде полиция мен үй-күйі жоқ адамдар тамаққа «таласып», төбелесіп қалды (ВИДЕО)

0
125

​Енді олар 5 жылға дейін сотталуы мүмкін.


Ресейдегі зираттардың бірінде полиция мен үй-күйі жоқ адамдар тамаққа «таласып», төбелесіп қалды (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Ресейдің Ставрополь өңіріндегі Зеленокумск қаласында бір топ адам зират басында шуылдап, тәртіпсіздікке жол берген, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Куәгерлердің айтуынша, олар өзге адамдардың зират басындағы тағамдарын жинап, агрессив танытқан.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлеріне топ мүшелері шабуыл жасап, қосымша күш шақыруға тура келген. Құқық қорғау органдары жағдайды бақылауға алған.

Жаппай төбелесті бастаған үш адам ұсталып, оларға РФ Қылмыстық кодексінің 318-бабы — «Билік өкіліне күш қолдану» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Күдіктілер өз әрекеттері үшін кешірім сұраған.