Ресейдегі тағы бір мұнай өңдеу зауытын дрондар атқылады

0
139

Бұл ақпаратқа қатысты Зеленский пікір білдірді.


Ресейдегі тағы бір мұнай өңдеу зауытын дрондар атқылады

Фото: dw.com

ERNUR.KZ. Украина шекарасынан мың шақырым қашықтықта жатқан Ресейдегі Пермь аймағына дронмен шабуыл жасалды, деп жазады inbusiness.kz.

21 тамыз күні таңертең аумақтық қауіпсіздік министрлігі Пермь өлкесінде әуе шабуылы болғанын хабарлады. Exilenova+ және Astra мониторингтік арналарының мәліметінше, соққы салдарынан "Лукойл-Пермнефтеоргсинтез" мұнай өңдеу зауытында өрт шыққан. Десек те, тиісті ақпарат әлі ресми түрде расталған жоқ.

Пермь өлкесінің губернаторы Дмитрий Махонин 16 ұшқышсыз аппараттың атып түсірілгенін айтты. Шабуыл кезінде бір тұрғын жарықшақ тиіп жараланған.

"Өнеркәсіптік нысандардың бірінде зақымданулар тіркелді. Зардап шеккендер жоқ", – деп жазды губернатор.

Дмитрий Махонин бұл қай кәсіпорынға қатысты екенін нақтыламады. Ал Украина президенті Владимир Зеленский елдің қарулы күштері Пермь қаласындағы МӨЗ-ге соққы бергенін хабарлады. Ол Telegram-арнасында зауыттан көтерілген түтін бейнеленген видеоны жариялады.