​Ресейде кен орны опырылды: сегіз адам қалып қоюы мүмкін

0
68

Оқиғаның соңғы себебі мамандар құлаған жерді тексергеннен кейін анықталады.


​Ресейде кен орны опырылды: сегіз адам қалып қоюы мүмкін

Фото: ТАСС

ERNUR.KZ. Магадан облысындағы Кадыкчан ашық көмір шахтасында тас көшкіні болды, деп жазады inform.kz.

— Алдын ала ақпарат бойынша, үйінді астында сегіз адамға дейін қалып қоюы мүмкін, — деп хабарлады Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі.

Өрт сөндірушілер, шахта құтқарушылары және медицина қызметкерлері құлаған жерге жіберілді. Он алты қызметкер және алты техника жұмылдырылған.
Оқиғаның соңғы себебі мамандар құлаған жерді тексергеннен кейін анықталады.
Ресей Федерациясының Магадан облысы бойынша Тергеу комитетінің тергеу органдары Ресей Қылмыстық кодексінің 216-бабының 3-бөлігі бойынша (құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу, екі немесе одан да көп адамның абайсызда қаза табуы) қылмыстық іс қозғады.
Бұған дейін Бурятияда көшкін кезінде Қазақстан азаматының қаза тапқаны хабарланған болатын.