Ресей мен Украина тұтқын алмасудың жаңа кезеңін өткізді

0
110

Қайтарылған сарбаздар қазір Беларусь аумағында, оларға қажетті психологиялық және медициналық көмек көрсетілуде.


Ресей мен Украина тұтқын алмасудың жаңа кезеңін өткізді

фото: Sputnik / Станислав Красильников

ERNUR.KZ. Тағы 307 ресейлік сарбаз қайтарылған, деп жазады sputnik.kz.
"16 мамырда Ыстанбұлда қол жеткізілген ресейлік-украиналық келісімге сәйкес, тағы 307 ресейлік әскери қызметші Киев режимі бақылауындағы аумақтан қайтарылды", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Қайтарылған сарбаздар қазір Беларусь аумағында, оларға қажетті психологиялық және медициналық көмек көрсетілуде. Одан кейін олар емдеу мекемелерінде ем қабылдап, оңалтудан өту үшін Ресейге жеткізіледі.
Қорғаныс министрлігі ресейлік тараптың бастамасымен қолға алынған кең ауқымды тұтқын алмасу жалғасатынын айтты.
Бірінші кезеңде Ресейге 270 әскери қызметкер, сондай-ақ Украина Қарулы Күштері тұтқындаған 120 бейбіт тұрғын оралды. Оның орнына Украина қарулы күштерінің 270 жауынгері мен 120 бейбіт тұрғын украин жағына тапсырылды.
1000-ға1000 форматында тұтқын айырбастау туралы келісімге Ресей мен Украинаның соңғы үш жылдағы алғашқы келіссөзі кезінде қол жеткізілді.