Ресей 11 қыркүйектен бастап заңсыз мигранттарды шығара бастайды

0
110

Бейсенбіден бастап заңсыз мигранттарға қатысты кейбір құқықтарды шектеу шаралары қолданыла бастайды, соның ішінде болашақта Ресейге кіруге тыйым салу да бар.


Ресей 11 қыркүйектен бастап заңсыз мигранттарды шығара бастайды

Сурет: pixabay

ERNUR.KZ. Бүгін, 2025 жылғы 10 қыркүйекте Ресейде мигранттарды заңдастыру мерзімі аяқталады, деп жазады zakon.kz.

10 қыркүйекте Ресей Президентінің шетелдіктерге елде болу үшін заңды негіздерін жоғалтқан жағдайда құқықтық мәртебесін реттеуге мүмкіндік берген жарлығының күші жойылады. Бейсенбіден бастап заңсыз мигранттарға қатысты кейбір құқықтарды шектеу шаралары қолданыла бастайды, соның ішінде болашақта Ресейге кіруге тыйым салу да бар.

Оларға некеге тұруға немесе ажырасуға тыйым салынады. Заңсыз мигранттар баласын балабақшаға немесе оқу орнына орналастыра алмайды, көлік жүргізу құқығынан айырылады, сондай-ақ күнделікті өмірде қажет өзге де қызметтерді ала алмайды.